Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметкерлері барсетка ұрлағандарды қылмыс үстінде ұстады.
12 сәуірде елордалық полицейлер автокөлік салонынан ұрлық жасаған күдіктілерді қылмыс үстінде ұстады. Қаскүнемдер автокөліктерді дабылдатқыштарын сканерлеу арқылы ашқан. Ұсталғандар автокөліктерден бірнеше ұрлық жасағандарын мойындады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.…
