ӘНЕЛ ҚЫЗ ТАБЫЛДЫ!!! Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал-майор Қайрат Дәлбеков мәлімдеді.
Бүгін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жоғалған Әнелді тапты.
Бұл туралы, 30- желтоқсанда Абай АПБ-на қыздың анасы арызданды. Анықталғандай, жасөспірім туыстарымен жанжалдасып үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен.
Шағым түскен сәттен бастап, департаментіміздің жедел уәкілдері, учаскелік инспекторлар мен еріктілер қызды іздеу жұмыстарына кірісті. Олар 7 тәулік бойы қала аумағында үздіксіз іздеумен айналысты. Әлеуметтік желілерге Әнелдің жоғалғаны туралы хабарландыру тараттық. Аталған жайт менің ерекше бақылауымда болды.
Шүкір! Жедел іздестіру жұмыстары оң нәтиже берді. Жедел уәкілдер жасөспірімді темір жол вокзалы маңынан тапты. Белгілі болғандай, Әнел бұл күндері бейтаныс адамдардың үйінде жасырынған. Өз бетінше жұмысқа орналасуға тырысқан. Кәмелетке толмаған қыздың айтуы бойынша, үйден қашуға оның анасының жиі ұрып-соғуы себеп болған. Жасөспірім үйге барудан түбегейлі бастартып отыр.
Қазіргі таңда әкімдік, білім басқармасы және полиция қызметкерлері тарапынан арнайы комиссия құрылды. Олар, анасын ата-ана құқығынан айыру туралы құжаттарды жинайды. Бұл уақыт аралығында қыз кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту орталығына орналастырылады.
Айта кетейін, Әнелді іздеу кезінде тәртіп сақшыларының қызметіне сыни көзқараспен қараған жандар болды. Бірақ, із-түссіз жоғалған адамды табу оңай еместігін түсіндіргім келеді. Полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарауға және ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамын!
Шымкент қаласы
![]()
