Қаңтар айының 5 күні ішінде Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 383 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады- деп мәлімдеме жасады көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оның ішінде алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе масаң күйде келгені үшін 56, темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 20, ұсақ бұзақылық үшін 12, қоғамдық орындарда тиіскені үшін 11, жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 35 және т.б. Бұл туралы Департамент бастығының бірінші орынбасары Мадияр Айтуғанов хабарлады.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың 4 қаңтарында Ақтау қаласының әуежайында «FlyArystan» әуекомпаниясының «Ақтау-Алматы» бағытындағы әуе рейсінен акт бойынша бір жолаушы түсіріліп, полиция қызметкерлеріне берілді.
«Тексеру барысында көлік полицейлері Өзбекстан Республикасының 23 жастағы азаматын анықтады. Ол рейске тіркеу кезінде масаң күйде болған және әуекомпанияның ережелерін орындамаған», — деді М. Айтуғанов.
«Оған қатысты әуежайдағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі, яғни алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу бойынша әкімшілік хаттама толтырып, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды», — деп түйіндеді сөзін полиция полковнигі.
«5 қаңтарда Өзбекстанның тағы бір 39 жастағы азаматы Дубай-Шымкент бағытындағы әуе рейсі ұшып келісімен акт бойынша полицейлерге берілді. Ер адам әуе кемесінің дәретханасында электронды темекі шеккен. Құқықбұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 441 — бабы 1-2-бөлігі, яғни әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну бойынша 50 АЕК (172 500теңге) айыппұл салынды», — деді ол.
![]()
