12 жыл бұрын ауырған «Ж» есімді ана, 4 жылдай ем іздеп сандалып, кейіннен екі қолына балдақ алып жүретін болады. 8 жыл балдақпен жүріп, Шымкент қаласындағы Дәрменов Дінмұхаммед Ахметұлы, бүгінде адамдар Мұқан деп атап кеткен ағамыз, сынықшылықпен айналысып, «Ж» есімді анамыздың бір күн ішінде балдағымен қоштасуға себеп болып отыр. Бейнежазбадағы сұхбаттан көріңіздер:
Дінмұхаммед аға, бұл қасиет сізде қай уақыттан бері бар?
— Мен негізі армияда жүргенде, отан алдында борышын өтеп жүрген баланың аяғы шыққан. Мен сол аяғын салып берген соң басталды бәрі.
Ол қай жылдары еді?
— 1999 жылдары еді.
Сонда сіз 1999 жылдан бері адам қарайсызба?
-Мен ол кезде жас болдым. 2000 жылы күзде армиядан келген соң, аяқ-қол салуға адамдар іздеп келетін. Негізі менің шешем сынықшы, әкемнің әкесі сынықшы болған. Бірақ мен жас болдым, арнайы адам қарамадым. Осы үйге 2008 жылы, арнайы қараған уақтым, 2008 жылдан бастап адам қабылдай бастадым.
Негізі мамандығыңыз қандай?
-Негізі менің мамандығым жоқ. Көлік жүргізу құжатымен алыс жолдарға жүріп көлік басқардым.
Қазіргі таңда емшілер көп. Бірақ сізді сынықшы деп жатырғой. Сіз негізі адамдарды оқып дем саласызба, бал ашасызба?
-Жоқ, мен дем салмаймын, балда ашпаймын. Мен бал ашуға түбегейлі қарсымын. Бал ашу шариғатқа тура келмейді. Ол күнәнің ең үлкені. Үлкен күнәлардың екеуі бар. Бірі зина жасау болса, екіншісі Аллаға серік қосу. Маған келген адамдардың ешқандай анализ, диагноздары керек емес. Маған адамның өзі келсе болды, мен соны айтып беремін, болды.
Сіз тек қана сүйекте, омыртқа, қол-аяқтардан басқа органдарды да қарап бере аласызба?
— Мен органдарды қарап, көріп беремін бірақ мен оны емедей алмаймын. Мен қарайтын бағыт тек сынықшылық. Жарылған жерін жарылған, сынған жерін сынған, шыққан жерін шыққан- деп айтып беремін.
Айтыңызшы, сіздің бір ұйымдарда, емшілер одағы деген сияқты мекемелерге тіркеліп, лицензиялар алғансызба?
-Жоқ, мен еш жерде тіркелмегенмін. Лицензиям жоқ. Ұйымдарға тіркелмегенмін. Бір Алланың берген қасиетімін Алла жолында қызмет етемін. Бұрында емделген адамдарды жазып алып жүрдім. Кейіннен оны жазбайтын болдым. Халық өзі айтсын.
Сіздің еңбек ақыңыздың бағасы қанша?
— Мен адамдардың бергенін аламын. Бір келі бидайдың ақшасын тастап кет деп айтамын. Өздері тастап кетеді. Мен пәлен сома бер деп сұрамаймын. Егер ақшалары болмаса, мен риза болып жіберемін, ақша сұрамаймын.
Шымкент қаласы
Сынықшы Дәрменов Дінмұхаммед Ахметұлымен байланысу үшін 8 707 170 99 32 байланыс номері арқылы өзі мен хабарласуға болады. «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің сынықшы көрсететін қызметтеріне қатысы жоқ. Біздің ақпарат агенттік, 8 жыл балдақпен жүрген ананың 1 күнде аяққа тұрған туралы ақпарат қана жариялады.
![]()
