Алматыда ұрлық азайды. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Қалалық криминалдық полицияның мәліметінше, өткен жылы қалта ұрлығы мен көлік салонынан ұрлық жасау азайған.
Қоғамдық орындардағы ұрлық өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда -6,6 пайызға азайған.
Сонымен қатар, қалта ұрлығы 2,0%-ға, көлік салонынан ұрлық жасау 63,6%-ға азайды.
Жедел талдау көрсеткендей, автокөліктерден ұрлық жасау әйнекті сындыру, кілт таңдау, құлыпты бұзу және еркін кіру арқылы жасалады.
Сондай-ақ, бөлімшеде, 2022 жылы пәтер тонау деректері бойынша 136 эпизодтан астам ұрлық жасағаны дәлелденген 33 қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері тоқтатылғанын айтып өтті.
Автокөліктердің құлпын бұзу, әйнекті сындыру және бөлшектеу арқылы ұрлықпен айналысқан 20 топ ұсталды.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда – сауда орталықтарында, базарларда, қоймаларда, компьютерлік клубтарда және т.б. орындарда жеке мүлікті ұрлаумен айналысқан 153 топтың әрекеті тоқтатылды.
Бұл ретте бөтеннің мүлкін ұрлаудың 638 дерегін жасағаны үшін кінәлі деп танылған 391 ұры ұсталды.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *