Төбелеске қатысқандардан суық қару тәркіленді

15 қаңтарда сағат 05:10 шамасында Атырау қаласы Темірханов көшесінің бойындағы мейрамханада жанжал шығып, 10 адам полиция бөліміне жеткізілді. Сондай-ақ төбелеске бір кәмелетке толмаған жеткіншек пен бір әйелдің қатысқаны анықталды.

Тәртіп бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Олардан қару тәркіленіп, құжаттар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *