Еңбекшіқазақ аудандық ПБ-ның тергеу бөлімінің тергеушісі полиция аға лейтенанты А.Э. Ермекбаев өзінің тергеу өндірісіндегі Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деп күдік келтірген азамат «С-ға» қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. (Ұрлау мақсатынсыз бірнеше рет жасалған автомобильді немесе өзге де көлікті құралдарын заңсыз иелену)
Еске салайық, 2022 жылдың тамыз айында азамат «С» үш автокөлікті ұрлау мақсатынсыз басқарып кеткен, оның ішінде өзіне медициналық көмек көрсетуге келген жедел жәрдем қызметкерлерінің қызметтік автокөлігін заңсыз, құқыққа сиымсыз басқарып кетіп, Алматы қаласына кетіп бара жатқан жерінен, полиция қызметкерлеріне ұсталған.
Қазіргі уақытта қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *