Қаламызда 38 000- нан астам шетелдік есепке алынды. Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы, генерал- майор Қайрат Сұлтанбайұлы мәлідеді.

Миллионнан астам тұрғыны бар шаһарымызға келіп-кетуші, тұрақтаушы және уақытша қоныстанушы азаматтар біздің жіті назарымызға алынған. Себебі, басты міндеттеріміздің бірі мегаполис қонақтарының арасында қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу. Олардың халықаралық іздеуде жүрмегенін, ешқандай заң бұзушылыққа қатысы жоқ екенін нақтылау және қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Осы орайда, департаментімізде Көші-қон қызметі басқармасы жұмыс істейтінін айта кетейін. Өткен жылы атқарылған заңсыз көші-қон жайттарына қарсы күрес жұмыстары төмендегідей нәтиже көрсетті.
— 2022 жылы 38 мың 037 шетелдік пен азаматтығы жоқ тұлғалар есепке алынды.
— Көші-қон заңдылығын бұзған 5499 шетел және Қазақстан азаматтары жауапкершілікке тартылды.
— 491 шетелдік әкімшілік қамауға алынды.
— 160 өзге елдің азаматтары ел аумағынан аластатылды.
— Шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған — 74 адам, оларды тұрғын үймен қамтамасыз еткен 366 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
— Қоғамдық орындарда қайыршылықпен айналысқан 24 шетелдік анықталды.

Шаһарымызда уақытша тіркелген шетелдіктердің басым көпшілігі Өзбекстан, Ресей және Қырғызстан елдерінен келген. Барыс жылында Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлерімен «Мигрант» және «Заңсыз келуші -2022» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Нәтижесінде, іздеуде жүрген 113 борышкер мен алимент төлеуден бой тасалап жүрген 151 тұлға анықталды. Жоғарыда көрсетілген жұмыс нәтижесі шаһарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге айтарлықтай зор үлес қосты.
Шымкент қаласы
![]()
