ІІМ Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі А.Сайтбеков жеке құраммен өткізген кеңейтілген жедел кеңесте ІІМ алқасының қорытындылары қаралып, алдағы жылға арналған міндеттер айқындалды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Алматы академиясы мәлімдеді
Талқылау барысында Ішкі істер министрі Марат Мұратұлы Ахметжановтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформа туралы, сондай-ақ «Қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» жобасын дайындау туралы ұжымға жеткізіп, түсіндірді. Министрдің биылғы жыл полиция қызметкерлерінің сапалы жұмыс атқаруы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған жыл болуы тиіс деп атап өткенін, ІІО қызметкерлерінің әлеуметтік-құқықтық қорғалуын жақсарту мәселелеріне, полиция қызметкерлерінің этикалық стандарттарға сәйкестігіне ерекше назар аударылғанына тоқталды.

Бастықтың кеңесшілері Т. Қабденов пен А. Османов өз пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Аталған басымдықтардың ішінде – цифрландыру, ведомстволық ғылымды дамыту, білім беру ұйымдарында, әскери бөлімдердің әскери қызметшілері арасында кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Мінсіз қызметімен ерекшеленген академия қызметкерлеріне ведомстволық наградалар табыс етілді.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *