Былтыр Алматыға 99 мың шетелдік келген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстангани Заппаров мәлімдеді.
Алматының көші-қон полициясының мәліметінше, 2022 жылы қалада уақытша жүрген шетелдіктердің саны 99 мың 138 адамды құраған.
«Өткен жылы көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 35 мың 938 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 8 мың 824-і шетел азаматтары. Әкімшілік жолмен 695 шетелдік елден шығарылды. 1 мың 828 басқа елдің азаматы жеке басын куәландыратын құжаттары болғаны үшін ПД-нің қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. Сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 195 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — дейді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Спикердің айтуынша, өткен жылы қалада заңсыз көші-қонның 17 арнасы анықталып, жолы кесілді.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *