Бүгін,  Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі аудан аралық мамандандырылған сотында, сот отырысына төрағалық етуші судья К. Қалмағамбетов қарап жатқан ашық сот отырсында, ҚР ҚК-нің 297- бабының 3- бөлігі 1,2- тармақтарымен 4 қазақтың жігіттері айыпты болып танылып, сот алдында жауап беруде. Аталған қылмыстық іс бойынша жігіттер өздері қаламаған қылмыстық іске бізді итермеледі- деген наразылықпен үінін үкіметке жеткізе алмай, бар үмітін судья К. Қалмағамбетовқа артып отыр.

24.01.2023 сот отырсы. Түркістан қаласы
24.01.2023 сот отырсы. Түркістан қаласы

Мен аталған қылмыстық іс бойынша, ҚР БАҚ заңын негізге алып ашық сот отырысы болғандықтан, ашықтық болсын деп, сот отырсына қатысуға рұқсат алдым. Кезектегі сот отырсында жаға ұстатарлық ақпараттарға күә болып, айыпталушы Рауан Телехановтан,  қылмыстық  істі жауып тастау үшін-деп ҰҚК қызметкері 5 000 000 ақша сұрағаны туралы, судьяның рұқсатымен сұхбат алдым.

Айыпталушының айтуынша ол, ҰҚК қызметкеріне 1 млн. ақшаны қолма-қол беріп, қалған 500 000 теңгені каспи голд арқылы салып жіберген. Біз БАҚ өкілдерін қызықтырып тұрған жәйт, полиция қызметкерлері мен ҰҚК қызметкерлеріне тексеруді қашан жасайтыны, ақшалар мен олардың жасаған іс-әрекеттері бойынша неге терегу, тексеру амалдары әлі күнге дейін жасалмай жатқаны болып отыр.

Каспи голдқа аударылған 500 000 теңге чектің көшірмесі.
Каспи голдқа аударылған 500 000 теңге чектің көшірмесі.

Ал ағымдағы жылдың 18- қаңтар күні, айыпталушылардың қоғамдық қорғаушысы және әйелдерінің,

«Біз қарапайым халықта ондай ақша жоқ дегенімізден соң, ҰҚК қызметкері 1 500 000 ға келісіп, 1 000 000 ақшаны алып, 500 000 теңгесін біреудің каспи голдына жібергізді, ал қалғанына қаңтар оқиғасына қатысты немесе есірткіге қатысты адам тауып бересін деп, күйеуімізді қорқытып, қазіргі таңда қамап, түрмеге тыққалы отыр»- деген аналар жанайқайын айтып сұхбат берген еді:

Тағыда сол Түркістан облысында полиция департаментінің полицейлері ұстаған жігіттерді ҰҚК алып тергеп, жаға ұстатарлық жағдайда айыптап жатқаны туралы, күдіктілердің қоғамдық қорғаушылары, ата-аналары мен әйелдерінен естіп, «Жаңа Қзақстан» осы болса, ескісінде қаласалайықшы деп, президентке өтініш жазғалы отырмын.

24.01.2023 сот отырсы. Түркістан қаласы
24.01.2023 сот отырсы. Түркістан қаласы

ҰҚКнің экс- төрағасы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасаса, облыстағы ҰҚК қызметкерлерінен не күтуге болады?
Әрине бұл сорақылықтың тоқ етер нүктесін сот қояды. Дегенмен сотпен прокурорлар ҰҚК қызметкерлерінен аяқ тартып жатқан болмаса болғаны…

Ал менің сот  ісіне ықпал етер ойымда, ниетімде жоқ!

Аталған қылмыстық істе судья К. Қалмағамбетов  істі заң аясында, ешқандай бұрмалаушылыққа жол бермей, сот отырысын өткізіп жатыр. Судьяға еш өкпе, реніш, наразылығымыз жоқ десек қате болмас.

Сардар Әбдіжақия

Жалғасы бар.

Түркістан облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *