Алматыда қоғамдық көлікте қалта ұрысы ұрлық жасап жүрген. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Аялдамада ұрлық жасаған 19 жастағы күдікті ұсталды.
«Қаскөйдің олжасы «Самсунг» ұялы телефоны болды, оны ұры ер адамның күртесінің қалтасынан шығарып алып, оған 40 мың теңге материалдық шығын келтірген. Белгілі болғандай, қаскүнем аялдама кешендері мен қоғамдық көліктерде «қарбалас уақытта» ұрлық жасап жүрген, қоғамдық көліктің бір басынан екінші шетіне дейін жолаушылардың қалтасын тексерген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. Сонымен қатар, күдіктінің қаланың басқа да жерлерінде осыған ұқсас басқа да қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғы тексерілуде», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Алматы қаласы
![]()
