Алматы полициясы әйел адам кейпіндегі «қалта ұрысын» ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Күдікті негізінен қоғамдық көлікте ұрлық жасап жүрген.
«К.есімді азаматша «Көк базар» аумағында №141 қоғамдық көлікте қалта ұрлығын жасаған жерінен ұсталды. Ол жолаушының қалтасынан құжаттары мен ақшасы салынған әмиянды ұрлап кеткен. Күдіктіні ұстауға бізге қаланың криминалдық полициясының қызметкерлері көмектесті. Ұстау кезінде одан ұрланған әмиян тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеушілер ұсталған азаматшаның Алматының басқа да аудандарында осыған ұқсас қылмыстарды жасауға қатысы бар-жоғын анықтауда», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.
Жәбірленушінің арызы негізінде ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Айтпақшы, бұған дейін күдікті бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *