Махамбет Әбжан 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
Сарыарқа ауданының №2 Мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен М. Әбжан көрінеу жалған ақпарат таратқаны және бопсалағаны үшін кінәлі деп танылды. 2022 жылдың 3 шілдесінде М. Әбжан 50 миллион теңге алған кезде ұсталды.
Сот сотталушының қылмыстық іс-әрекетін қауіпті қайталануы деп танды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Әбжан екі рет сотталған болатын.
Сонымен қатар, алаяқтық бойынша соттылық жойылған жоқ.
![]()
