Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Комитеті департаментінің № 4 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.

Ол медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту кезінде мүгедектерден мүгедектік мерзімін белгілеу және ұзарту үшін бірнеше рет жалпы сомасы 1 200 000 теңге пара алды деген күдікке ілінді.

Тергеу соты күдіктіні «электрондық білезікті» қолдану арқылы «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасына санкциялады.

Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *