Бүгін Шымкентке оқу-ағарту ісінің министрі қызметтік сапармен келді- деп мәлімдеді Салтанат Қаракөзова.
Еліміздің бас мұғалімі Ғани Бейсембаев жұмыс сапары барысында Шымкент қаласы Полиция департаментінде болды. Генерал Қайрат Далбеков оқу-ағарту ісінің министрі Жедел басқару орталығының жұмысымен таныстырды.
— «Бүгінгі таңда мегаполистің 246 мектеп бар, оның ішінде 151 мемлекеттік және 95 жеке меншік білім ордаларында бейнебақылау камералары орнатылған және SOS дабыл түймелерімен жабдықталған. Олардың барлығы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығына қосылған. Тәртіпті бейнебақылау инспекторы қадағалайды. Бұл шараларды полиция мен білім беру саласы ең алдымен мектеп қабырғасында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдайды. Нәтижесінде, өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың төмендеу үрдісі байқалды. Дегенмен, шешімін таппаған мәселелер де жоқ емес. Бүгінде жедел басқару орталығының қызметі тікелей байланысты болып отырған интернет жылдамдығы мен жақсы жұмыс нәтижесін талап ететін күзет агенттігі мамандарының кәсібилігі өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, мектептер олармен тікелей келісім шарт жасайды».- деп түйіндеді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.
Өз кезегінде, Ғани Бейсембаев қала әкімдігінің өкілдерінен полицияға және білім басқармасына ақпараттық-коммуникациялық желілердің сапасын жақсартуға көмек көрсетуді сұрады. Сондай-ақ, министр бейнекамераларды орнату кезінде олардың сапасына назар аудару қажет екенін және мемлекеттік бюджетті үнемдеу мақсатында мектептердегі оқушылардың санын саралап, ескеру қажет екенін атап өтті. Сөз соңында, «Шымкент балалар үшін қауіпсіз қала болуы тиіс»,- деп қорытындылады .

Одан кейін министр іс жүзінде «SOS» түймесінің қалай жұмыс істейтінін өз көзімен тексерді. Ол 4000-нан астам оқушы оқитын №1 мектеппен байланысқа шықты.
Соңында Оқу-ағарту министрі ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Далбековке және департаменттің жеке құрамына белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде полиция мен білім беру басқармасының тығыз ынтымақтастығына сенім білдірді.
Шымкент қаласы
![]()

