Шымкентте Полиция департаментінің бастығы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен аналармен кездесті- деп мәлімдеді Салтанат Қаракөзова.
Алғыс айту мерекесіне орай және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Шымкент қаласы полиция департаментінің басшылық құрамы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер мен балаларды арнайы сый-сияпаттармен қуантты.
Департамент бастығы полиция генерал- майоры Қайрат Дәлбеков №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығындағы аналар мен бүлдіршіндердің жай-күйімен танысты.
Сонымен қатар, мерекелік кездесуге Шымкент қаласы ПД бастығының орынбасарлары Александр Попов, Серік Ергешов, Штаб басқармасының бастығы Айжан Куленова және Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Жаңыл Спанова қатысты.
Өз кезегінде, №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастығы Нұржан Асанов қызмет алушыларға жасалған жағдайды бүге-шүгесіне дейін таныстырды. Полиция тарапынан жасалған қолдау мен қажетті көмектерді де ашық айтты. Генерал Қайрат Сұлтанбайұлы сөз болған мәселелерді алдағы уақытта бірлесіп шешуге уәде етті.
Сондай-ақ, орталықтағы бүлдіршіндер тәртіп сақшыларына мерекелік концерт қойып, аналар ыстық ықыласын жеткізді.
Айта кетейік, қазіргі таңда мұнда 12 ана мен 36 балаға арнайы мамандар тарапынан әртүрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *