Алматы полицейлері бөтен көліктердің құлпын ашатын құрылғыны тәркіледі. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Оның көмегімен үш ер адам Алматының Медеу ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында тұрған бөтен біреудің «Тойота Камри» көлігін ұрлап үлгерген.
«Көлігінің жоғалғанын байқаған шетелдік көлік иесі бұл туралы «102-ге» хабарлады. Бұл қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Кешенді жедел іс-шаралар нәтижесінде үш ер адам ұсталды. Оларды қаладағы қонақүйлердің бірінде құрықтады. Ұрланған көлік Астана қаласында табылды және тәркіленді. Күдіктілер оны сатып үлгерген», – дейді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, ұсталғандардан «Тойота» есігінің құлпын ашу үшін пайдаланылған құрылғы тәркіленді.
ҚР Конституциясының және ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Алматы қаласы
![]()

