Алматыда пәтер ұрылары тобы ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Үш күдікті қаланың әр ауданында ұрлық жасаған деген болжам бар.
Тергеудің нұсқасы бойынша, бөтен адамдардың пәтерлері мен үйлеріне кіріп, ол жақтан бағалы заттарды ұрлаған. Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлаудың 5 дерегі анықталды. Келтірілген шығын көлемі — 5 миллион теңгеге жетеді.
«Қаскөйлер стандартты тізбек бойынша әрекет етті. Тұрғындардың көпшілігі жұмыста болған уақытта «ұрлық жасаған». Терезені қысу арқылы тұрғын үйге кіріп, құнды нәрсенің бәрін алып шықты. Бұл — қолма-қол ақша, шағын техника, әртүрлі зергерлік бұйымдар. Соңғы «іс» Бостандық ауданындағы Қарғалы шағын ауданында тіркелді. Шақырылмаған қонақтар өздерімен бірге жалпы құны 600 мың теңге тұратын әшекей бұйымдарды, ноутбук пен сағатты алып кеткен», — дейді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
Оның айтуынша, күдіктілерді, арнайы топ пен арнайы жасақ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұстаған. Олар 1990 және 1994 жылы туғандар, Шығыс Қазақстан және Алматы облысының тумалары.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігінің 3 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ҚР Конституциясының және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша өзге де мәліметтер жария етілмейді.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *