Алматы полицейлері 8 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Арыстанғани Заппаров мәлімдеді.
Кісі өлтіру қылмысы 2015 жылдың наурыз айында Алматының Түрксіб ауданында жасалған.
Сол кезде жеке жүргізуші болып жұмыс жасаған 60 жастағы С.есімді азаматтың мәйіті табылған болатын.
Сот-медициналық сараптама өлімнің тұншығудан болғанын анықтады.
«Сонымен қатар, такси жүргізушісінің «Ниссан» маркалы көлігінің жоғалғаны анықталды. Айтпақшы, үш еркекті қызықтырғаны сол көлік болатын. Күдіктілер қарақшалық тонау жасап, автокөлікті иемдену мақсатында кісі өлтіру әрекетін жасағанымен, көлікті иелік ете алмады. Бірнеше күннен кейін көлік табылды. Қалалық криминалдық полиция Басқармасының қызметкерлері жоғарыда аталған қылмысты жасаған 1993 жылы туған С.есімді азаматты, 1997 жылғы С.есімді азаматты және 1994 жылы туған Б.есімді азаматты ұстады. Олар қамауға алынды», — деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Дидар Аханов.
ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес қылмыстың басқа да мән-жайлары жария етуге жатпайды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *