Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» екі ұрыны ұстады. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жәбірленуші қылмыс туралы полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, кешкісін үйіне қайтып келе жатқан кезде, Алтынсарин көшесі мен Абай даңғылының қиылысында белгісіз екі жігіт оны ұрып, оның қолынан «Айфон» ұялы телефонын тартып алған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгені құрады. Күдіктілер қамауға алынды.
«Полицияға жеткізілген күдіктілер 2002 жылы туғандар. Жауап алып, беттестіргеннен кейін жігіттер өз кінәларын мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілердің қаланың басқа аудандарында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда», — деді, Әуезов аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Ұлан Әбілқайыр.
Тергеу барысында күдіктілердің екі тонауға қатысы бар екені анықталды.
Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормасына сәйкес жария етуге жатпайды.
Аматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *