Алматыда 47 жастағы әйел қалта ұрлығын жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаменті мәлімдеді.
Екі қалта ұрлығын жасады деген күдікпен Б.есімді азаматша ұсталды.
Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушілерді сауда орталықтарынан іздеген.
«Эпизодтардың бірінде, әйел адам, келушінің қалтасынан «Айфон» маркалы ұялы телефонын суырып алды. Тағы бір жағдайда, бөтеннің мүлкін ұрлау 8 наурыз күні мерекелік қарбаласта жасалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ұсталды. Жәбірленушілердің арызы бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеушілер оның жеке басын қалада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріп жатыр», — деді, Алматы қалалық ПД криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Қылмыстық істің басқа да мән-жайлары ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *