42 жастағы әйел жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға «көмектесемін» деп уәде берді. Бұл туралы Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тағы бір әйел алаяқтық жасағаны үшін сотталды.
«Бір нұсқа бойынша, 1981 жылы туған Ж.есімді азаматша, арзандатылған бағамен жалға берілетін тұрғын үй сатып алу бойынша өз қызметтерін ұсынды. Қазіргі кезеңде қылмыстық іс бойынша барлығы 7 жәбірленуші бар. Алдын ала төлем сомасы «қызметіне» байланысты өзгеріп отырды. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асады», — деді, Алатау аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талғат Беркінбаев.
Қазір тергеушілер материалдың толықтығын қамтамасыз етіп, шындықты анықтауға бағытталған бетпе-бет кездестіру және басқа да процессуалдық әрекеттерді жүргізіп жатыр.
Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде ұсталған азаматшаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Полиция қызметкерлері, күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуды сұрайды: 227-55-02; 8-702-448-63-37.
Қылмыстық істің басқа да мәліметтері ҚР ҚПК-нің 201 бабы және ҚР Конституциясының нормаларына сәйкес жария етуге жатпайды.
Алматы қаласы
![]()
