Қызметтік иттердің көмегімен жыл басынан бері 7 қылмыс ашылды. Бұл туралы  Шымкент қалас ыполиция департаментінің  басшысы Қайрат Сұлтанбайұлы мәлімдеді.
«Ит-адамның досы» -, деп бекер айтылмаса керек. Бүгін, полицияның қызметтік серігіне айналған, бірқатар қылмыстарды ашуға өз үлесін қосқан ақылды төбеттеріміз жайында айтайын.
Шымкент қаласы Полиция департаментінде қызметтік иттерді күтіп-баптауға арналған Кинология қызметі орталығы бар.

Орталықтың ашылғанына биыл 31 жыл. Яғни, 1992 жылы Кинологиялық қызметтер орталығы болып құрылған. Қазіргі таңда, мұнда штат бойынша 14 қызметкер жұмыс істейді.
28 қызметтік іздестіру иті бар. Олар атқаратын қызметіне қарай, із кезуші, есірткі, жарылғыш заттарды іздеуші, шабуылдаушы иттер болып бөлінеді.
Төбеттеріміз жыл басынан бері 7 қылмысты ашуға өз септігін тигізді. Ал, өткен жылы қызметтік иттердің қатысуымен 35 қылмыс ашылып, 1 киллограмм 333 грамм есірткі заты тәркіленді.
Кинология қызметі орталығында иттің шығу тегіне қарай 5 түрі бар, «Спаниель» , «Лабрадор», «Восточный овчарка», «Белгиский овчарка» және «Неміс овчаркасы». Оларды арнайы мамандар күтіп-баптап, қызметке үйретеді.
Шымкент қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *