2023 жылдың 21 наурызында Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясына ректор – Канг Сонг Джон бастаған Шинхан университетінің және Қазақстандағы орталық директоры Джон Дже Гын бастаған Оңтүстік Кореяның халықаралық менталдық денсаулық мектебінің әріптестері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы А.Ж. Шпекбаев, сонымен қатар Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А. М. Оразалиев келді.

Жоғары қонақтарды қарсы алу кезінде ІІМ Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі А.М. Сайтбеков кездесу Наурыз мерекесімен қатар өтіп жатқанын атап өтті, бұл жақсы белгі болып табылатындығын және баршаға жаңа жылда көптеген қуаныш, өркендеу және кәсіби жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ А.М. Сайтбеков Корей әріптестерін Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бірінші оқу орны болып табылатын Алматы академиясының тарихымен таныстырып, қазіргі уақытта Академия бастапқы кәсіптік даярлау, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, қос дипломды және қосымша білім беру бағдарламаларының жиынтығымен қарқынды дамып келе жатқан білім беру ұйымы болып табылатынын атап өтті.

Академияның Киберлабораториясы мен Ккиберполигонына барған кезде Шинхан университеті мен Оңтүстік Кореяның Халықаралық менталдық денсаулық мектебінің өкілдері ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы инновациялық алаң, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметкерлерін оқыту мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін тиімді алаң болып табылатын осы жерде жүргізіліп жатқан жұмысқа шынайы қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, кездесу барысында тараптар ғылыми және білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту бойынша қадамдар мен ұсыныстар талқылады.
Алматы қаласы
![]()
