Елордалық полицей өз-өзіне қол салмақ болған азаматты құтқарып қалды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Түнгі уақытта “102” пультіне қала үйлерінің бірінің тұрғыны жүгініп, ұлы пәтерде жанжал шығарып, 8 қабаттың балконынан секіремін деп қорқытып жатқанын хабарлаған. Сарыарқа ауданы полиция басқармасының жедел-тергеу тобының қызметкерлері оқиға орнына келгенде ер адамның іштен жабылып алғанын анықтады.
Криминалист полиция капитаны Сугур Макаров жанжалқордың назары басқа жаққа ауған сәтті пайдаланып, полиция қызметкері балконға жүгірген.
Капитан Макаров ер адам секіріп жатқан сәтте оны белбеуінен ұстап алған. Тәртіп сақшысы оны қайтадан балконға тартып кіргізуге тырысқан, бірақ ер адам жұлқынып, полицейді көйлегінен ұстап, өзінің салмағымен оны төмен қарай тартқан.
Полицейдің әріптестері көмекке жүгіріп келіп, ер адамды пәтерге тартып кіргізген.
![]()
