Соттарды біріктіру: жаңа жағдайларда жұмыс істеу туралы ҚР Жоғарғы соты мәлімдеме жасады.
Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов елорданың біріктірілген аудандық соты – азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта болды.
Бұған дейін хабарланғандай, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 15 мамырдағы Жарлығымен Астана мен Шымкенттің азаматтық және қылмыстық істерді қарайтын аудандық соттары біріктірілген болатын. Реформа судьялардың біркелкі жүктемесін қамтамасыз етуге, бірыңғай сот практикасын қалыптастыруға және істердің соттылығына байланысты әуре-сарсаңды болдырмауға мүмкіндік береді.
Сот төрағасының міндетін атқарушы Ринат Шакуанов пен Сот әкімшілігінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Елдос Жұмақсанов кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Н. Байтілесов жаңа форматта атқарылған бір айда атқарылған жұмыс қорытындыларымен, сот жұмысының ұйымдастырылуымен және жұмыс жағдайымен, сот отырыстары залдарының материалдық-техникалық жарақтандырылуымен танысты. Ол сот процесіне қатысушылармен, судьялармен және сот мамандарымен әңгімелесті. Олар өз кезегінде реформаның судьялар арасындағы жүктемені теңестіруге және соттылық бойынша дауларды болдырмауға мүмкіндік бергенін айтып берді.
Астана қаласы
![]()
