Сот қаңтар оқиғасы бойынша үкім шығарды.  Бұл туралы Алматы гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы гарнизонының әскери сотында қаруды қолданумен билікті асыра пайдаланғаны үшін сотқа берілген әскери қызметші Е.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 451-бабы 2-бөлігі 1-тармағы).
Сотпен не анықталды:
2022 жылғы 8 қаңтарда Талдықорған қаласында сотталушы Е. «АҚС-74» қаруын қолданумен «Тойота Королла» автокөлігіне бірнеше оқ атып, тоқтау талабына қарамастан қозғалысын жалғастырған. Нәтижесінде екі адамның денсаулығына ауыр зиян келтіріліп, олардың өліміне әкеп соқтырған.
Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелер, яғни жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сот-баллистикалық, сот-медициналық сараптамалардың қорытындылары және заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
Тараптардың позициясы:
Прокурор–сотталушы Е-ға түпкілікті 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сотталушы кінәсін мойындамады.
Сот шешімі:
Е.-тың жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оны жасағаны үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы қарастырылған.
Сотпен жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай анықталмаған, ал ауырлататын мән-жай ретінде төтенше жағдай кезінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, өзі берген антын бұзғанын таныды.
Е-мен жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, сотталушы Е-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жәбірленушінің пайдасына 7 млн. теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 Алматы гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметі

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *