Ағымдағы жылдың 24 шілде күні http://Адамды өлтірген кім, сотталған кімдер? атты мақала жариялаған болатынбыз. Аталмыш даулы оқиғаға қатысты сотталған полиция қызметкері У. Жәнібековтың қоғамдық қорғаушысы берген сұхбаттың жалғасындағы жаға ұстатарлық ақпараттар толықтай жарияланды:
— Енді сот не айтты, 508 кабинеттен сау шықса, 507 кабинетте
сіздің күйеуіңіз У. Жәнібеков болмаса, қалай сіздің күйеуіңіз қамалып кетті?
— Бұл жерде Аймешов Дәулетте айтып тұр, 507 кабинетте өз көзіммен көрдім, Қуатов Малик столдың үстінде отырып алып, Жұмабаев Нұрболатты қылқындырып аузын жауып жатқанын, Жұмабай Нұрсұлтан алдында отырып алып, ішіне ұрып жатқанын Аймешовта айтып тұр.
— Аймешов деген кісі қай жақтағы адам, 507 кабинеттегі 9 полиция қызметкерінің ішіндегі адамғой ия?
— Ия, кірген кезде көргенғой. Ол кісі 9 полицияның ішінде бір-ақ адам шынын айтып тұрда, қалған сегізі, ондай ештеңе болған жоқ деп, мойындамай тұр. Қалғандары қылмыстық жауапкершіліктен қашып жатыр.
— Енді кім ұрғанын айтып тұрғой Аймешов?
— Енді қалай келтіріп тұр мен айтып берейін. Судмед сараптама (первичный) жасатады. Адам денесін жарып ашқанда, Шымкенттік сарапшылары айтып тұр. Поджелудочная железа повреждена (Ұйқы безінің астынғы жағында қанталау бар) Артқы жағынан 30-40 мл қан кеткен дейді. Бірақ соны бере тұра. Тұншыққан немесе тез өлімнің 11 белгісін беріп отыр. Айта кетсек олар: точки Тардье, энцефалопатия мозга, ишемия сердца, барлық ағзада қара түсті сұйық қан толу ол тек қана тұншықтырудан немесе тез өлім салдарынан болады. Сосын барып полнокровье все внутренных оргнаов но селезенкада қан жоқ признак Сабинского. Бауырында клетки Краевского. Осынша ма тез өлім немесе тұншығу белгілерін беріп отырып, бірақ Ұйқы безі, травматический шок деп беріп тұр. Адам травматический шок алу үшін 1- 1,5 литр қан жоғалту керек, өздері қолданған әдебиетте жазулы тұр. Бұл жерде ешқандай травматический шок жоқ. Енді қызықты қараңыз: Шымкенттің эксперттері өлім уақтын бермей тұр. Тупой удар живота, травматический шок деп беріп отырда бірақ 11лезде өлімнің белгілерін қаса беріп отыр. Енді резонанс деп Жәнібековты қамап алды да, елді тыныштандыру үшін. Кінәлі емес екеніне көздері жеткенде кеш болды, сол үшін жалған айып түзді. Ары қарай У.Жәнібековты байлау үшін гистологияны Астанаға береді, Шымкентке сенбей, Астанаға гистологияны 27 желтоқсан жаңа жыл алдында жібереді. Ал жауабы 5 қаңтар күні келеді. 2022 жылы январь айында елімізде қаңтар оқиғасы болып жатыр. Біз сотта Астананың эксперттеріне сұрақ қойған кезде, сіздер қанша күнде бітірдіңіздер, 27 желтоқсанда барады, 5 қаңтарда келіп қалады. Мейрамдар, көтеріліс болып жатыр Қазақстанда. Сөйтсе, олар айтады «5 күнде»- дейді. Сіздерге қанша уақыт берілді десек, «20 күн» деп жауап береді. Неге сонша тез бітірдіңіздер дегенде, өз аузымен гистолог айтты, «Жоғарғы жақтан звонок болды» -деді.
— Кімге айтты сарапшылар «звонок болды»-деп?
— Сарапшылар сотта судьяға айтты. Кімнен звонок түсті, не деді дегенде есімде жоқ деп құтылды. Ұйқы безінің зақымынан 11тез өлімнің белгілері пайда болама дегенде жоқ деп жауап берді.
— Сіздің күйеуіңізді қамаутуға қандай негіз ұсынды?
— 362 бапты неге іліп отыр. Оны Астанадан ОРМ жүргізу үшін, министрліктен рұқсат алу үшін тапсырма жіберу керек. Соны Жумабай Нұрсұлтан опер дайындаған тапсырманы. Астанада Жантемировқа қоңырау соғып, ДКП-нің қызметкеріне. Ол телефонмен Жұмабай Нұрсұлтанға бәрін түсіндіріп береді. Нұрсұлтан оны қолымен компьютерде теріп, ЕСЭДО мен жіберген. Ол туралы Жантемиров сотта өзі дәлелдеп берді. «Ия, мен түсіндірдім телефонмен, сосын қабылдап алдым. Маған Жұмабай Нұрсұлтан жіберді» -деп. Ол 3 желтоқсанда жіберіп қойған. 8 желтоқсанда адам өліп отыр. 13 желтоқсан күні У. Жәнібековтың кабинетіне тінту жүргізеді. Ол Тінту амалдары да ҚК нормативтерін бұза отырып жасаған. Сол жерден жаңағы жеке тапсырманың көшірмесін таптық дейді. Сол көшірме құжат У. Жәнібековтың кабинетінен шыққаны үшін 362 бапты Жәнібековқа іліп отыр. Ал У. Жәнібеков «бұл менің кабинетімде болуы мүмкін емес, мен бұны бірінші рет көріп тұрмын. Екіншіден мен басшылық құрамда 20 жылдан бері қызмет атқарамын. Мен 30 жыл жұмыс жасап, тапсырманы компьютермен теріп көрмегенмін. Мен ондай құжат дайындауым мүмкін емес. Үшіншіден мен ешқашан тергеуші болып жұмыс жасамағанмын. Мұны тергеушілер дайындайды»- деді. Жаңағы екі жеке тапсырманы былай қарасаңыз, ЕСЭДО мен кеткен түп нұсқасы мен, У.Жәнібековтың кабинетінен шыққан көшірмені, екеуі мүлдем екі түрлі. Астанаға кеткен құжатта шығыс штампы департаменттегі тергеудің штампы ұрылған. У. Жәнібековтың кабинетінен табылған құжат көшірмесінде Еңбекші ауданының шығыс штампы басылған. Екі құжаттың астында қойылған қолдары да екі түрлі. Ол олма, екі түрлі құжаттағы реттіксандарына назар аударсаңыз, бірінші құжатта 1,2,3- деп көрсетілген, екінші құжатта 4,5,6, деп жазылған, тапсырманың атауларыда екі түрлі. Бірақ тергеушілер осыншама қателікті байқамай, сол тапсырманың көшірмесі деп, көшірмені айғақ деп У. Жәнібековке 362 бапты іліп отыр.


— Сол сіз айтқан көшірме құжаттың түп нұсқасы барма?
— Көшірме құжаттың түп нұсқасы еш жерде жоқ. Оны ешкім тауып бере алмай, не түсіндіріп бере алмай отыр.
— Сонда сіздің күйеуіңіз жасанды құжатпен қамалып отырма сонда?
— Ия, бұл жерде таза фальсификация жасаған. Сота бұның бәрі талқыланды, сот көз жұмып отыр, негізге алмай.
— Күйеуіңіз У. Жәнібековқа ҚР ҚК-нің 362 бабы бойынша қойылған айыпта, судья көшірме құжатты алып бағалады ма сонда?
— Біз осының бәрін судьяға айтып, көрсетіп бердікқой. Осы құжаттарды істен алып тастауды сұраймыз, себебі бұл құжаттар көшірме. Екі құжат көшірмесі екі түрлі құжат болып отыр және тінту хаттамасында «тергеушінің тапсырма» деген сөз кейін қосылып жазылған. (алынды деген сөзді өшіріп, орнына тергеушінің тапсырмадеген сөзді қысып жазып сидырған) Ол хаттамада болмаған жазу. Біздің іс екі тілде жүріп жатыр. Хатаманы орыс тіліне аударған кездегі құжатта, « тапсырма»- деген сөз мүлдем жоқ. Сот барысында аудармашыдан судья жауап алды. Тергеуші маған берген кезде «тергеушінің тапсырма»- деген сөз жоқ еді. Мен он бес жыл тәжірбием бар. Жеп отырған наным. Мен еш қашан былай қателеспеймін. Егер ол жазу болған болса, мен жазар едім- деп жауап берді. Бұл жердеде фальсификация жасаған.
— Судьяның есімін айтасызба?
— Шыналиева Светлана
— Енді сіз айтыңызшы, сол жасанды деп жатқан яғни түрлі тапсырманың хаттамасында, қол мен жазылған, «флешка» сөзінен кейін «тергешінің тапсырма»-деген сөздің сығыстырылып жазылғанын көрдік. Ал сол сөздерді аударған аудармашы, сотта өзінің бірінші аударғанында, «тергеушінің тапсырма»- деген сөздің болмағанын растады ма?
— Ия, растады.

— Сіз қалай ойлайсыз. Қазіргі таңда алып-қашпа әңгімелер таралып кетті. Бір қаншама сайттарда, марқұм Н. Жұмабаевтың анасының сұхбатын қандайда бір генералдың баласы туралы шағым жазылғанын байқадық. Сіз білесізбе ол қандай генерал. Ол кім?
— Әрине ол туралы біз білеміз. Жаңағы 9 полиция қызметкерінің ішінде сол генералдың баласы Сұлтан Дәурен болған. Біз ойлаймыз, мынау бостандықта жүрген 6 полиция қызметкері, генералдың баласын аман алып қалу үшін бостандықта жүр.
— Яғни марқұм қайтыс болған кабинеттегі 9 полиция қызметкерінің 6 полицияның қамалмай, жұмысын жасап жүр бостандықта дедік. Сол 6 полиция қызметкерінің ішінде генералдың баласы бар деп тұрсызғой ия?
— Ия, Сұлтан Дәурен.
— Ол қайжердің генералы, жазбаларға сүйенсек ол генерал АНТИКОРДЫҢ генералы делінген. Қай өңірдің АНТИКОРЫН басқарады?
— Енді біздің естуімізше Қазіргі Абай облысындағы АНТИКОРдың бастығы Қыдырбаев Нұрланның баласы Сұлтан Дәурен.
— Ал енді сіз қалай ойлайсыз, бірінші таралған ақпараттарда, жәбірленуші марқұмның анасы генералдың баласы жауапқа тартылмады деп уәж келтірген екен.Ол уәждә сізде келтіресізбе?
— Әрине құптаймын. Ол жауапқа тартылу керек еді. Сол кабинетте болған барлық адам жауапқа тартылуы керек еді. Енді бір кабинетте болған алты полицейді 3 полицейден бөліп алды да, қазір төрт адам қамалып отыр. 507 кабинете өлген адамға қатысты қылмысты 508 кабинетке алып барып отыр. Осыған туралап, тіпті сараптаманы да туралап алды деп ойлаймыз. Астананың гистологы 1-1,5 сағат бұрын алған соққыдан қайтыс болған деп беріп отыр. Олда тура келмейді.
— Сонда астаналықтар адамның өлген уақтын анықтай алады ма?
— Анықтай алмайды. Соққы ұйқы безіне, өлгенге дейін 1-1,5 сағат бұрын болғанын анықтап отыр «Біз 15-20 клетка таптық без признаков распада лейкоцитов»- дейді. Осы сөзге көңіл аударыңыз. Оны сендер қайдан алдыңдар деп сұрағанымызда сарапшылар, «Багамоловтың әдебиетінен алдық»-дейді. Енді Багамоловтың таблицасына қарасаңыздар, ол жерде: распад лейкоцитов деген строкада 1-1,5 сағат деп жазылған. Олар айтып тұр без распада клеток – деп өз сөздеріне өздері қарсы шығып тұр. Осылардың жалған берген тұжырымына менің күйуім қамалып отыр.
— Бұл сараптама қорытындысы, жоғарыдан түскен звонок арқылы 5 күн ішіндегі берілген сараптама қорытындысы ғой ия?
— Ия, енді біз Шымкент қаласының эксперттеріне сұрақ қойдық, сендер 1-1,5 сағатты қайдан алдыңдар- деп. Олар біз ол сұраққа жауап бермейміз, себебі ол қорытындыны біз беріп тұрған жоқпыз Астананың гистологтары берген. Біз солардың берген жауабын, яғни тұжырымын өзімізге қоса салдықта тұжырымдама етіп шығара салдық- деді. Біз бұл сараптамаға тергеу кезінде келіспедік. Қосымша сараптама жасатуды сұрадық. Тергеуші бізді қанағаттандырмады. Кейін біз өзіміз Алматы қаласындағы Т. Халимназаров деген тәуелсіз сарапшысына бердік. Ол маман ретінде соттада жауап берді. Жауабы: «Бұл жерде солнечный сплетениеге удар тиіп, рефлекторное остановка сердца болған. Еш қандай ұйқы безі емес, еш қандай травматический шокта жоқ, бұндай соққыдан кейін адам мүлдем жүре алмайды» Біз кейін сотқа өтініш хат келтіріп комплексті комиссиялық сараптама жасатуды сұрадық. Оны сот алқасы қолдап рұқсатын берді. Соттың өзі таңдаған Жамбыл облысы, Тараз қаласына жолданды. Астана қаласы сот сараптама қорытындысын 5 күнде берсе, Тараз қаласы 4 ай сараптама жасады. Қосымша узкий специалистмамандар тартылды. Және Тараз қаласының қорытындысы; «Солнечный сплетение удар тиіп, рефлекторно остановка сердца. Мұндай повреждениемен адам жүре алмайды, адам моментально қайтыс болған деп берді»
— Іс-материалдарында скотч, пакеттер ұсынылды ма?
— Аяқ-қолын скотчтады- деп Аймешов өз жауабында айтып тұр. Экспертиза өлген баланың киімі, яғни шалбарында скоч іздері болып тұрса да, не тергеуші, не судья мән бермей жатыр.

— Іс-материалдарында вещдок ретінде скотч және пакет сотқа ұсынылды ма?
— Жоқ, пакетті жоқ қылып жіберген ғой, ал скотч тұр столдың үстінде. Оны криминалистер алмаған, назарға да ілмеген. Негізінде біздің ойымызша сол тергеуші кабинетте, мәйітті қараған кезде қылқындырудан өлтірілгенін білген. Себебі экспертизаға қойылған 10 сұраққа көңіл аударсаңыздар, «Өлім қылқындырудың қай түрінен болған»- деп тікелей сұрақ қойған. Ал мен барлық әдебиеттерді қарап шықтым, бұл жерде қылқындыру орын алғанба, егер орын алған болса, қай түрінен болған деп сұрақ қою керек еді.

— Сонда қылқындырды деп өздері айтып тұрғой сонда ия?
— Ия, механический асфексияның қай түрінен өлді деп сұрап тұр.
— Механический асфексиядан өлгенін тергеуші қайдан білген?
— Білмеймін, естіген шығар болмаса тәжірбиесіне сүйеніп біліп айтып тұрған шығар.
— Сіздің айтуыңызша департамент тарапынан қойылмаған жерге күйеуііз өз қаражатына өзі камера орнатып қойған екен 1,5 жыл бұрын. Сонда өзінің қауіпсіздігі үшін қойғанба?
— Өзінің кабинетінің алдына, дәлізде, есіктің алдында кім келіп, кім кетіп жатырдеп көріп отыру үшін қойған. Жеке өзінің камерасы. Егер менің күйеуімнің арам ойы болса, сол камерадағы жазбаны мүлдем бермей қоюға ақысы бар еді. Ол бейнежазбаны тергеушілерге өзі берді ғой. Енді сол видеоны беріп алып кейін өзіміз тергеу кезінде ала алмай қойдық көрейік десек, көрсетпеді. Біз оны сәуір айында бір-ақ көрдік. Тіпті адвокаттарымызға да бермеді. Ал жауап алған кезде сол видеоны көрсетіп тұрып 9 полицияның алтуынан сағат, минутына, секундына дейін айтып тұрып жауап алған. Тіпті СОБР қызметкерлерінен жауап алған кезде оларға видео арқылы сұрақ қойғанғой. Сотта СОБРларға сен біздің фамилиямызды, званяларымызды, кім болып жұмыс жасайтынымызды қайдан білесін, бізді танисыба деп сұрағанда, «танымаймын»- деп жауап берген. Қайдан білесін онда деп сұрағанда, тергеу кезінде тергеуші бізге видеодан көрсеткенде айтып жауап алдығой- депті. Оны сотта өздері растады.
— Сонда тергеушілер сол қылмыстық іске қызығушылық танытқан деп ойлайсызба?
— Бір жақтама өтті. Түгел тергудің барлығы бір жақтама жүргізілді.
— Демек сіздің күйеуіңіз жалған құжатпен және күдіктінің жалған берген күәліктері деп айтып жатырсызғой, солармен қамалып отыр ма?
— Ия, расталмаған экспертизамен. Соның бәріне судья мән бермей отыр. Осынша жағдайларды естіп отырып, прокурордың айыптау актісін естіп, үкім оқи салды. Әділдік жоқ екен.
Сұхбаттасқан Сардар Әбдіжақия
Шымкент қаласы
![]()
