Шу қаласында оқ-дәрі салынған сөмке табылды деп жариялады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі.

Есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын орындау мақсатында Жамбыл облысының  Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының  қызметкерлерімен “Қару» іс-шарасы аясында Шу қаласының темір жол өткелінің жанында орналасқан қараусыз қалған ғимараттан сөмке табылды.

Табылған сөмкенің ішінде:

  1. 12 калибрлі «ИЖ» маркалы екі ұңғылы тегіс ұңғылы мылтық;
  2. 12 калибрлі» ТОЗ-63 » маркалы кесілген қос ұңғылы мылтық;
  3. жарық шу гранатасы;
  4. 91 түрлі калибрлі патрон;
  5. 1 жұп тізе таңғыш және дене сауытының қабы.

— Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және сараптама тағайындалды, — деді ПД ЕҚҚІБ бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.

Жамбыл облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *