Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Ұрыларды ұстау іс-шарасын криминалдық полицияның арнайы тобы мен полицияның арнайы жасағының қызметкерлері «Арлан» ПСН қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.
Қазіргі уақытта 6 пәтер ұрлығын жасауға «үштіктің» қатысы бар екендігі белгілі болды.
«Үштік қылмыс жасап болған бойда ұсталды. Әуезов ауданында орналасқан пәтерден қаскөйлер 1 миллион теңгенің мүлкін – екі ноутбук пен қолма-қол ақшаны алып кеткен. Ұстау кезінде полицейлер ұрланған заттардан басқа, күдіктілерден кілттер жинағын, жиналмалы пышақ пен электрошокерді тәркіледі. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.
Айтпақшы, күдіктілер – 1993 жылы туған К.есімді азамат, 1993 жылғы Ж.есімді азамат және 1993 жылы туған К.есімді азамат, бұрын да осыған ұқсас мүліктік қылмыстарды жасағаны үшін сотты болған. Бұл «үштіктің» жеке басы басқа да ықтимал қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғына тексерілетін болады.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
![]()

