2023 жылғы 18 қыркүйекте Алматы қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырды және пара берді деген күдікпен Қазақстанның екі азаматы мен шетелдікті ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Тергеу болжамы бойынша, олар заңсыз мигранттарды Қазақстан аумағы арқылы Еуропа елдеріне өткізуді жоспарлаған.
Тінту барысында қолдан жасалған құжаттар, сондай-ақ бірқатар шет мемлекеттердің өткізу пункттерінің күні көрсетілген мөртабан таңбалары анықталды.
Материалдар Қылмыстық кодекстің 367 және 394-баптары бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?