Алматыда жалған полицейлер әшкереленді
Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған екі ер адам өтіп бара жатқан адамдарды тонаған.
«Тергеудің осы кезеңінде, күдіктілер — 1996 жылы туған А.есімді азамат пен 2003 жылғы Г.есімді азамат, жастарды тоқтатып, өздерін полиция қызметкеріміз деп таныстырып, оларға жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды деп сендіргені белгілі болды. Одан кейін олар ақша талап еткен, көнбеген жағдайда, газ тапаншасымен қорқытып, ұялы телефондары мен ақшасын тартып алған. Қазіргі уақытта тергеу, ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді, Медеу аудандық полиция Басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.
Сонымен қатар, полиция, ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейтінін еске салды.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?