Алматы облысында полиция қызметкерлері бүлдіршін қызды зорлаған күдіктіні ұстады. Бұл туралы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауыржан Аленов мәлімдеді.
3 қазан күні Балқаш ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын кішкене қызына ауылдасының сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасағаны туралы айтып полицияға жүгінді.
Қылмысты ашу және қылмыскерді ұстау үшін дереу облыстық және аудандық полиция қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Қылмыс жасады деген күдікпен жедел қызметкерлер 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады.

ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі және 121-баптың 4 — бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде (жас баланы зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері).
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындаумен барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, бұл қылмыстық фактіні шешуде оның толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етеді.
Істі тергеу менің ерекше бақылауымда- деді Бауыржан Аленов.
Алматы облысы