Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі.
Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?