Алқабилер соты Алматыда әйелдің басын кесіп алған еркекке үкім шығарды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Алматы қаласының сотына сілтеме жасап.
Алматыда әйелдің басын кесіп алған И. есімді адамға  қатысты қылмыстық істі бойынша, ҚР  ҚК-нің 99- бабы 2 бөлігінің  5 тармақшасы мен сараланып, асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша айып тағылған еді.
Аталған қылмыстық іске алқабилер қатысып, сот барысында,  сотталушы И. есімді азаматтың отбасылық және өмірлік қиын жағдайда бола отырып, өзімен одан әрі қарым-қатынасты жалғастырғысы келмейтін азаматтық жұбайына материалдық тәуелді бола тұра, қоғамда үрейлі, криминогендік жағдайды қалыптастыру мақсатында кісі өлтіруге бел байлағанын анықтады. Ағымдағы жылдың наурыз айында қасақана кісі өлтіруді алдын ала жоспарлап, жәбірленуші А.-ны іс жүзінде жоқ наубайханаға жұмысқа орналастырамын деген желеумен қала саябақтарының біріне кездесуге шақырып, И. есімды азамат, асқан қатыгездікпен жәбірленушінің басын кесіп алғанын және де,  қоғамда резонанс тудыру мақсатында жәбірленуші А.-ның басын шұжық-ірімшік сататын дүкендердің бірінде қалдыру туралы шешім қабылдаған.
Мемлекеттік айыптаушы прокурор соттан сотталушыны кінәлі деп тануды және оған қауіпсіздігі орташа мекемелерде 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Алқабилер мен сот үкіміне сәйкес И. есімді азамат асқан қатыгездікпен қасақана кісі өлтіргені үшін кінәлі деп танылды және оған қауіпсіздігі орташа ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 20 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?