Жуалы ауданы А. Пушкин атындағы мектепке, «Астарлы ақиқат» ақпарат агеттігінің атынан белгісіз біреулер аталған мектепке барғаны туралы естіп, анық-қанығына жету мақсатында А.Пушкин мектепбіне арнайы барып қайттым. Білім ошағының директоры Салтана Жумаханова және учаскелік полицей қызметкерімен бірге, мектептің тіркеу кітапшасын қарадық. «Ешкім сіздердің атыңыздан келген жоқ»- деген директор Салтанат Жумаханованың айтқан сөзі, өкінішке орай  дәлелін тапты. Себебі мектептің тіркеу дәптерінде, 26 наурыз күні үш азамат(ша)н ың  «Астарлы ақиқаттан келді»- деп, қол қойылып  тіркеуден өткеніне көз жеткізіп  жаға ұстадым.

Мен «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысымын, алайда ондай адамдар біздің агенттікте жұмыс жасамайтынын ресми мәлімдеймін.

Жуалы ауданындағы А. Пушкин атындағы мектептің директоры, менің номерімді тауып алып, түнгі уақытта және демалыс күні маған хабарласып, сіздерге кім ақпарат берді дегеніне қоймай менің отбасыма, қызыма қызығушылық танытып, күдікті сұрақтарының астына алған Салтанат Жұмаханова еді. Қалған ақпаратты бейнематериалдан көріңіздер.

Аталған  жағдайға байланысты, сол мезеттің өзінде мектеп директоры мектептегі тіркеуге алатын азаматшаға сес көрсетіп, айыптай бастады. Естуімізше аталған адамдарды директор Салтанат Жумаханова өзі шақыртып, күтіп алған көрінеді. Ал мектеп директоры мен аталған үш адамды не байланыстыратыны, және олардың өзге  агенттіктің атын жамылуына себеп не екенін енді құзырлы органдар анықтап, заң аясында жауапқа тартады, деп сенемін.  Жамбыл облысы әкімі Қарашөкеев болып жатқан жағдайларды өз бақылауына алуын сұрап қаламын.

Айта кетерлігі аталған мектепте 2- сыныптың оқушысы оқыс оқиғамен ауруханада жатқаны туралы да ақпарат алған едім, өкінішке орай оған қатысты сұрақтардың жауабыл алу мүмкін болмады.

 

Ал сол мектепке келген учаскелік полицей қылмыс көріп тұрсызба деп алдын ала шешімінде дайындап қойған сиқты. Амалым жоқ Жамбыл облысы полиция департаменті мен облыс прокуроры аталған арызымызды назардан тыс қалдырмаса…?

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігінің басшысы Сардар Әбдіжақия

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?