Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Г.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді.
Г. ҚР ҚК- нің 125-бабы 1-бөлігімен (адамды ұрлау) бойынша айыпталған.
Сотталушы Г. «Инстаграм» әлеуметтік желісі арқылы жәбірленуші А. мен танысқан. Осыдан кейін, Маңғыстау облысының, Жаңаөзен қаласынан Шымкент қаласына келіп, Шымкент қаласы, А.Байтұрсынов көшесінде жәбірленуші А.-ға үйлену мақсатында оны алып қашып, жәбірленушімен бірге Жаңаөзен қаласына қарай кеткен.
Сот үкімімен Г. ҚК-нің 125-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ҚК-нің 63-бабын қолдана отырып, жаза шартты деп белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы