Азаптаудың алдын алудың өзекті мәселелері бойынша Атырау қаласының №2 соты мәлімдеді.
Атырау облыстық соты ғимаратында Атырау қаласының №2 сотының төрағасы Б.Дюсебалиевамен «Азаптаудың алдын алудың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырылды.
І️с-шараға ҚР ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаменті, Қаржылық мониторинг агенттігінің Атырау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті, қалалық прокуратура және облыстық адвокаттар алқасы басшылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты — прокурорлардың, адвокаттардың және құқық қорғау ұйымдары өкілдерінің азаптау фактілерін тергеу және құжаттау саласындағы жұмысын жетілдіру.
Кездесу барысында Б.Дюсебалиева азаптаудың алдын алудың тетігін терең заңнамалық жаңғыртуды атап өтіп, азаптауға байланысты қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеудің обьективтілігі жөнінде сөз қозғады.
ҚР ҰҚК-нің Атырау облысы бойынша департаментінің тергеу басқармасының тергеушісі аталған санаттағы қылмыстық істерді тергеу тиімділігін арттыру, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейту контекстінде оқыту іс-шарасын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
Талқылау ашық және сындарлы сипатта болды, қатысушылар адам құқықтары саласындағы заңнамалық базаны жүйелі түрде жақсарту үшін практикалық ұсыныстар берді.
Атырау қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *