Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Шарадара сервис» ЖШС МКҚК-нің басшысы Құрманғазы Акбаровтың атынан сенімді өкілі, шымкенттік журналист Нұрман Мөлдірді, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 3 бөлігі мен, яғни отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер бойынша әкімшілік жазаға тарту мақсатында сотқа сүйреді.

Бір қызығы, журналист Нұрман Мөлдір, отбасылық- тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасайтындай, «Шардара сервис» ЖШС МКҚКнің басшысы Құрманғазы Акбаровпен ешқандай қатынасы, байланысы жоқ.
Полицейге шағым жазылып, даудың басы Шардарада бой көтеріп Шымкент қаласында, журналист Нұрман Мөлдірдің адвокаты Гулжазира Нәліханқызының құқықтық көмегінің арқасында өз нүктесі қойылды. Себебі Шымкент қаласына өзге өңірден жолданған баянат, Шымкент қаласы полиция департаментіне жетіп, ол бір қаншама АПБларда «сандалып» соңында Абай ауданы АПБ-сында учаскелік полицейдің хаттамасы арқылы, Шымкент қаласы әкімшілік сотындағы Серік Ниязбекке келіп түскен.
Аталған істі судья С. Ниязбек таразылап, құқықтық бағасын беріп, журналист Нұрман Мөлдірге «ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 3 бөлігімен қозғалған іс, құқық бұзушылық  құрам болмауына байланысты тоқтатылсын. Ал полция инспекторына жеке қаулы қабылдансын»- деп, дауға нүкте қойды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ

Сардар Әбдіжақия

Шымкент қаласы

 

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *