Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталып, сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.
Үкім заңды күшіне енді.
Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *