Алматы полициясы «алаяқты» ұстады. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алмалы аудандық полиция Басқармасының мәліметінше, 29 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты, бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша қылмыстық іс тергелуде.
Ер адам кем дегенде бес адамды алдады деген күдікке ілінді.
«Заңсыз әрекеттер баспанаға мұқтаж бірнеше азаматтың ірі көлемдегі ақшасын жоғалтқан кезде белгілі болды. Олар, өзін қайырымдылық ұйымдарының бірінің қызметкерімін деп таныстырған бейтаныс адамға 7 миллион теңге берген. Қаскөй оларға қайырымдылықтан және қордан баспана беруге уәде берді. Алайда, баспана да жоқ, ақша да жоқ. Жедел іс-шаралар жүргізіліп, күдікті ұсталды», — деді, Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына орнатылды.
Полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккендерді мына телефон нөмірлеріне хабарласуға шақырады: 8-702-646-43-46 және 8-702-066-50-73.
ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.
ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.
Алматы қаласы