Алматыда дропперлер ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы А. Заппаровқа сілтеме жасап.
Алаяқтықтың сыбайластарын “Киберпол” қызметкерлері ұстады.
Анықталғандай, екі жас жігіт алаяқтардың қылмыстық жолмен тапқан ақшасын қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен: ақшалай сыйақы үшін олар өздерінің банк карталарын және жеке мобильді банк шоттарын қаскөйлерге берген.
«Жәбірленушілердің бірі алаяқтық жолымен 20 миллион теңгені жоғалтып алған, айтпақшы, жоғарыда аталған күдіктілердің карточкалары арқылы алаяқтар ақшаға айналдырған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ең алдымен «дропперлер» анықталды және ұсталды. Олар қамауға алынды. Алаяқтыққа қатысқаны үшін 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік қарастырылғанын атап өткім келеді», — деді, Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мақсат Қанапяев.
Сонымен қатар, Алматы полициясы қырағылық пен сақтықты еске салады:
— жеке немесе қаржылық ақпаратыңызды ешкімге айтпаңыз;
— мұндай қоңырауларға жауап бермеңіз және осындай деректер туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз;
— пайдалану үшін банк карталарын, деректемелерін, мобильді банкинг құпия сөздерін үшінші адамдарға бермеңіз;
— егер сіз ақшаның қайдан шыққанын және жіберушіні білмесеңіз, банк картасына ақшаны қабылдамаңыз.
Алматы қаласы