ЖШС директоры аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты, Жумаксанов Елдосқа сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2- тармағымен .А.-ға қатысты үкім шығарды
Сотталушы А. ЖШС директоры бола отырып, 30.01.2023 жылдан бастап 10.02.2023 жылға дейінгі кезеңде төрт ЖШС-мен нарықтық бағадан төмен бағамен ЖЖМ – дизель отынын жеткізуге шарт жасасқан.
Алайда, дизель отыны берілмеген және анықталғандай, ол ақшалай қаражатты өз қалауы бойынша басқарып, атап айтқанда оны ЖЖМ жеткізумен байланысты емес басқа компаниялардың шоттарына аударған.
Осылайша, А. алдау арқылы жәбірленушілердің жалпы сомасы 990 150 000 теңгеге ақша қаражатын иемденді.
Сотталушының кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, банктік үзінділермен, сарапшының қорытындысымен, ресурс ұстаушылардың өздері мен сотталушы арасында мұнай өнімдерін сатып алуға шарт жасалмағаны туралы жауаптарымен дәлелденді.
Сот үкімімен А. ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, онымен қысқа уақыт ішінде аса ірі мөлшерде залал келтірілгенін, сондай-ақ залалдың нақты өтелмегенін ескере отырып, материалдық-жауапты және басшылық ету құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы