Өз әйелінің мойнына, жамбасына және ішіне пышақ тығып өлтірген. Аталған қылмыстық іс туралы соттың үкімін  «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өз әйелін өлтіріп және телекоммуникация желілері арқылы таралатын ақпараттық жүйеге заңсыз кіру арқылы, аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жасырын жымқырды деп айыпталған Сабыржан Зариповқа қатысты бүгін,  ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлігі. 188-баптың 3-бөлігі, 1-тармағы мен   қылмыстық істі қарады.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында сотталушы Сабыржан Зарипов бірнеше сағат бұрын қызын көру үшін демалыстан оралған әйелімен кездесіп, алдағы ажырасу туралы сөйлеседі.
Әйелімен алдағы ажырасу туралы әңгімелесу кезінде қызғаныш пен ашулық танытқан Сабыржан Зарипов жәбірленушінің мойнына, жамбасына және ішіне ас пышақпен көптеген соққылар (барлығы он пышақ жарақаты) келтірген, алған жарақаттарынан ол сол жерде көз жұмды.
 Кісі өлтіргеннен кейін әпкесінің асырауында қалдырған қызын ары қарай асырау үшін материалдық көмек көрсету мақсатында сотталушы Сабыржан Зарипов, әйелінің ұялы телефоны арқылы жәбірленуші жұмыс істеген серіктестіктің шотынан, өзінің жеке кәсіпкерлік есепшотына 4 700 000 теңге аударған.
Содан кейін Сабыржан Зарипов өз еркімен полицияға жасаған қылмысы туралы хабарлаған, олардың оқиға орнына келгенін күткен.
Сот үкімімен Сабыржан Зарипов кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған азаматтан «С» ЖШС-нің пайдасына 4 700 000 теңге материалдық залал, сонымен қатар бес жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 20 000 000 теңге моральдық шығын өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *