Алматыда баланы анасының көзінше пышақтап кеткен. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
         Алматыда анасының көзінше баласын пышақтап кеткені туралы бейнежазба әлеуметтік желілерде таралды. Бейнежазбада бір топ адамдар төбелесіп жатқаны, онда  бейтаныс адамдар бір адамды ұрып жатқаны және «балам»- деп жылаған әйелдің дауысы мен «скорий шақырыңдар, пышақтап кетті мыналар»- деген ащы дауыстар шығатын. Аталған оқиғаны полиция растады. Алматы облысы полиция департаменті, Талғар қаласында 4 қазанға қараған түні жас жігіттер сөзге келіп қалып, артынша жанжалға ұласқанын,  төбелес салдарынан екі жігіт аудандық ауруханаға жеткізіліп, олардың бірі алған жарақатынан жан сақтау бөлімінде қайтыс болғанын мәлімдеді.

       Полицейлер, кісі өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғаған. Оқиғаның барлық қатысушыларын полицейлер  ұстаған және уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде екенін,
 тергеу барысын облыстық полиция департаменті басшылығы өз бақылауына алғанын жеткізді, Алматы қаласы полиция департаменті.
Алматы облысы

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *