Алматыда бопсалаумен айналысқан топ ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді. Алматы қалалық ПД ҰҚҚКБ ҚР ҰҚК-мен бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында кәсіпкерлерден ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топты ұстау іс-шарасын жүргізді.
Қылмыстық топтың құрамында еліміздің ПОП MMA спортшылары да болған. Қазіргі уақытта олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Ұсталғандарға қатысты «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеуді Алматы қалалық ПД ТБ жүргізіп жатыр.
Алматы қаласы