Саунаның әкімшісі миллиондаған қаражатты жымқырған. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі хабарлады.
Елорда полициясына монша иесі болып табылатын 35 жастағы жергілікті тұрғыннан арыз түсті. Ол кассадан шамамен үш миллион теңге ұрланғаны туралы хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған мекеменің әкімшісі болып жұмыс істеген 34 жастағы азаматша анықталды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел жұмыс орнында ақшалай қаражатты жасырын түрде ұрлаған. Күдікті келушілерден түскен ақшаның бір бөлігін кассаға салып, ал екінші бөлігін өз шотына аударып отырған. Жас әйел өз кінәсін мойындады.
Тергеу барысында барлық мән-жайлар анықталуда.
Астана қаласы