Африка құрлығынан келген заңсыз келімсек Алматыда ыдыс жуушы болып жұмыс істеген. Бұл туралы «Астарлы ақұиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Алматы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Алматы полициясы «Нелегал» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында еңбек мигрантын анықтады.
Шет елден келген қонақ қаладағы мейрамханалардың бірінде ыдыс жуушы болып жұмыс істеген.
«Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 14-18 қазан аралығында «Нелегал-2024» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мақсат – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ заңсыз көші-қонға қатысты басқа да заңсыз әрекеттерді анықтау және жолын кесу. Қалада іс-шараның бірінші күнінде көші-қон заңнамасын бұзған 214 адам анықталды, оның 157-сі шетел азаматтары. Сонымен қатар, елден шығару туралы сот шешімін орындамаған 8 шетелдік анықталды», — деді, Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Асхат Бутунчинов.
Бөлімшенің мәліметінше, күні кеше түнде Алматыдағы құрылыс нысандарының бірінде алыс-жақын шетелдерден келген 50-ге жуық еңбек мигранттары анықталды.
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Loading

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *