Алқабилердің кесімімен азаматша алаяқтыққа оқталғаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен алаяқтық жасауға оқталды және аса ірі мөлшерде пара беруге итермеледі деген айыппен, ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2)тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі) мен сараланғанған қылмыстық істе айыпталған Г.-ға қатысты үкім шығарылды.
Г. 2024 жылдың мамыр айында Н.-ның аса ірі мөлшерде ақшасын иемдену мақсатында оның үйіне келіп, оның ұлы Қуандық Бишімбаевқа қатысты үкімді жеңілдету үшін, пара ретінде апелляциялық сатыға беру үшін оған 100 млн. теңге беру керек екенін хабарлаған.
Әрі қарай, сол күні кешке ол Н.-ға келіп, кезекті әңгіме барысында соңғысын апелляциялық сатыға пара беруге итермелеуді жалғастыра отырып, оларды лауазымды тұлғаларға беру сылтауымен, бірақ оны орындау ниетінсіз оның 100 млн. теңге сомасында ақшалай қаражатын иемденді (оның 99 млн. теңгесі муляж).
Алайда, сотталушы Н.-ның ақшалай қаражатын алдау жолымен ұрлау жөніндегі әрекеттері оған тәуелсіз мән-жайлар бойынша, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің қылмыстық әрекетті әшкерелеуіне байланысты соңына дейін жеткізілген жоқ.
Сотталушының жас балаларының болуын сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай деп таныды.
Сот үкімімен алқабилер сотымен Г. ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы, 28-бабының 4-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, қылмыстар жиынтығы бойынша (ҚК-нің 58-бабы) 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізде болса, ағымдағы жылдың мамыр айында , ҚР Сыбайлас жемқорлыққаьқарсы іс-қимыл агенттігі «Бишімбаевтың үкімін жеңілдету сылтауымен алдау арқылы 100 млн теңге жымқырды деген күдікпен елорда тұрғыны Г-ны ұстаған болатын.
Астана қаласы